Шымкентте даяшы бай клиентті тонап кетті
Шымкентте даяшы бай клиентті тонап кетті
114
оқылды
19 жастағы жігіт ішіп алған ер адамның соңынан еріп отырып, адам жоқ жерде оны басынан таспен ұрып есінен тандырып, тонап кеткен, – деп хабарлады Шымкент қаласы Қаратау аудандық соты.  Оқиға өткен жылы 10 тамызда "Қайнар бұлақ" саяжай тұрғын үйіндегі дәмханада болған. Мұнда жұмыс істейтін даяшы жігіт қызмет көрсеткен клиентінің қалтасы толған ақша екенін байқап қалған. Бай клиент дәмхана жабылғанда шыққан. Даяшы клиенттің соңынан еріп отырған. Ер адам ешкім жоқ жерге келгенде даяшы артынан келіп, басынан ұрып құлатқан. Ер адам есінен танып қалған. Даяшы оның қалтасын ақтарып, 95 мың теңге алған. Содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Есін жиған ер адам үйіне әрең жеткен. Екінші күні полицияға хабарласып, жедел жәрдем шақырған. Учаскелік инспекторлар оқиғаны саралап көріп, даяшыдан күдіктенген. Тергеу барысында күдік расталды. Қаратау аудандық соты жігітті қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде 3 жыл жазасын өтеуге үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енді.