Еліміздің 12 өңірінде ескерту жарияланды
Еліміздің 12 өңірінде ескерту жарияланды
Қазгидромет еліміздің басым өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 18 ақпанда Ақтөбе облысында қалың қар жауады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. 19 ақпанда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде жаңбыр, 20 ақпанда түнде таулы аймақтарда қалың қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 18 ақпанда күндіз, 20 ақпанда тәулік бойы кей жерлерде күші 15-20 м/с, 19 ақпанда облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, таулы аймақтарда 30 м/с және одан аса жел соғады. Кей жерлерде 0-5 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. Шымкент қаласында 19 ақпанда күннің екінші жартысында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 18 ақпанда күндіз, 19 ақпанда тәулік бойы күші 15-20 м/с, 19 ақпанда күндіз екпіні 25 м/с. 18 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, Жарма ауданында екпіні 25 м/с. 18 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз кей жерлерде қатты (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 25 м/с. 18 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. 18 ақпанда Ақмола облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 19 ақпанда қар жауады. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 20 ақпанда Жамбыл облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 18-20 ақпанда кей жерлерде тұман, 20 ақпанда кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 20 ақпанда Алматы облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, кей жерлерде көктайғақ күтіледі. 18-20 ақпанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күші 17-22, екпіні 27 м/с күтіледі. 19-20 ақпан аралығында күндіз ауа температурасы 12-17, кей жерлерде 5-10 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Нұр-Сұлтан қаласында 18-19 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Ауа температурасының 1-3 градус жылыдан 15-17 градус аязға дейін күрт төмендейді және одан ары төмендеуі күтіледі. 18-19 ақпанда Қызылорда облысында ауа температурасының 12-17, солтүстікте 5, оңтүстікте 20 градус жылыдан 2-7, кей жерлерде 10 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 18 ақпанда Атырау облысының көп бөлігінде қар. Кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде көп бөлігінде, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с.