Бахрейнде сексуалдық құлдықта болған қыз қандай қорлық көргенін айтты
Бахрейнде сексуалдық құлдықта болған қыз қандай қорлық көргенін айтты
123
оқылды

ІІМ Бахрейнде сексуалдық құлдықта болған қыз берген сұқбаттың бейнежазбасын жариялады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың қыркүйек айында Ішкі істер министрлігі адам саудасымен айналысқан халықаралық трансұлттық қылмыстық топты құрықтаған еді. Қаскүнемдер халықтың әлеуметтік осал топтары мен ақшаға мұқтаж жас қыздарды, оның ішінде кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді өз дегендеріне көндіріп, оларды сексуалдық құлдықта ұстау үшін Бахрейннің Манама қаласына жөнелткен. Полиция қызметкерлері қылмысты құрамына Қазақстан, Ресей Федерациясы, Бахрейн Корольдігінің азаматтары кірген, оннан астам адамнан тұратын қылмыстық топ ұйымдастырғанын анықтады.

Олар құрбандарына шетелде жалақысы жоғары жұмыс ұсынған, алайда қыздар Бахрейнге жеткеннен кейін бірден сексуалдық құлдыққа түскен.

«Күніне 15 еркекке "қызмет көрсету" керек болды. Күндізгі 15.00-ден бастап кешкі тоғызға дейін жүреміз. Бас тартсақ, бізді ұрып-соғып, айыппұл салып, үстімізге ыстық су құйып, электрошокер қолданып, суық бассейнге түсіріп, одан шығармайтын», – дейді күңдікке түскендердің бірі.
Қыздың айтуынша, қаскөйлерден туған-туыстарын қорғау үшін ол жағдайының жақсы екенін айтуға мәжбүр болған.