Жас жігіт күзетшіні пышақтап тастады - видео
Жас жігіт күзетшіні пышақтап тастады - видео
111
оқылды
Қапшағай қаласының полиция қызметкерлері 21 жастағы жігітті казино күзетшісіне шабуыл жасады деген күдікпен ұстады деп хабарлайды Polisia.kz. Полицияның мәліметінше, ұсталған азамат казино күзетшісіне пышақпен бірнеше рет соққы жасаған. Жарақат алған күзетші аурухана жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. "Қапшағай қаласының полиция бөліміне орталық аурухананың қабылдау бөлімінің қызметкерлерінен іш қуысы жарақатымен 36 жастағы ер адам түскені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген бойда бұл дерек расталып, ол бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іздестіру жұмыстары барысында жедел уәкілдер күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады", – деп хабарлады Қапшағай қаласы ПБ бастығының орынбасары Азамат Тұрғынбаев. Ұсталған азамат Алматы облысы Талғар ауданының 21 жастағы тұрғыны болып шықты. https://youtu.be/EKj4WSIM-Ps