Бүгінгі күн Ақмола облысында бірқатар аудан әкімдері мен орынбасарларының ауыс-түйісімен есте қалды. Бір-ақ күнде облыс әкімінің өкімімен Аршалы, Жарқайың және Сандықтау аудандарына жаңа әкім тағайындалса, Бурабай ауданына әкім орынбасары келді. Аршалы ауданында әкімге «үкім» шығыпты. Облыс әкімінің «приговорымен» Аршалы ауданына жаңа әкім тағайындалған. Аршалы ауданы әкімдігі осылай деп ақпарат таратты, деп хабарлайды «Айқын» республикалық порталының тілшісі.
Әлеуметтік желіде лезде тараған Аршалы ауданының әкімі Айдар Баймановтың тағайындалуы туралы ақпарат көптің талқысына түсті де кетті. Дегенмен, біршама уақыттан соң әкімге тағылған «үкім» жоғалып түзетілді.
Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы