Теміржол вокзалы сейфінен 1 млн теңге ұрланды
Теміржол вокзалы сейфінен 1 млн теңге ұрланды
98
оқылды

Полиция қызметкерлері «Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалы сейфінен 1 миллион теңгеге жуық ақшаны ұрлаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Көліктегі ПД баспасөз қызметі ірі ұрлықтың бетін ашқандарын хабарлады. "Алматы-1" теміржол станциясының қызметкері желілік полиция бөліміне "Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалына тиесілі кассасына біреу кіріп, сейфтен ақша ұрлап кеткенін жеткізіп, арызданған. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы облысының 27 жастағы күдікті тұрғыны анықталды.
"Тексеру барысында күдікті арматурамен терезенің жақтауын бұзып, бөлмеге кіріп, сол жердегі темір сейфті ашып, шамамен 1 миллион теңге көлеміндегі қаражатты ұрлап кеткені анықталды. Сондай-ақ, бұл қылмысты жасау үшін ер адам кассирмен алдын-ала достық қарым-қатынас орнатып, оның жұмыс орны туралы егжей-тегжейлі біліп алғаны анықталды. Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", – деп хабарлады Көліктегі ПД.