Cиноптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде Оңтүстік Каспий циклоны әсерінен жаңбыр мен қар жауады.
Тек еліміздің оңтүстігінде антициклон жотасының әсерінен жауын-шашын болмайды. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жел күшейіп, бұрқасын болады. Ақмола облысының басым бөлігінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, кей жерлерінде 23-28 м/с болады. Сондай-ақ, тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде 25 м/с жылдамдықпен соғады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с-қа дейін барады. Тұман түсіп, бұрқасын болады. Ақтөбе, Атырау облыстарының басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, жаяу бұрқасын болады. Тұман түседі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі, жаяу бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-қа жетеді. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында желдің екпіні 25 м/с, Қарағанды облысында күндіз екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Жамбыл облысында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді, екпіні 27 м/с болады.