Алматылық фотограф Көкжайлауда қабандарды түсіріп алған
Алматылық фотограф Көкжайлауда қабандарды түсіріп алған
5,113
оқылды

"Олар өте үлкен, әдемі!"

Алматылық фотограф Дмитрий Доценко Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында Көк-Жайлау шатқалының солтүстік беткейін аралап жүргенде қабандарға кезіккен. Бұл күтпеген кездесу туралы блогер өзінің Instagram желісіндегі парақшасына жазып жануарлардың бейнесін жүктеген . Бейнеден жануарлардың асыр салып жүргенін көруге болады.

«Міне, осындай сирек бейне түсірілді. Көк жайлауда Солтүстік беткейде орналасқан жаңа соқпақты барлау үшін барып, қабандарға жолықтым. Басымды көтеріп үлгергенім сол еді, олар менің жанымнан шауып өтіп, құлатып кете жаздады. Мен тіпті алғашында не болып жатқанын түсінбедім. Бірінші ойым сиыр болды. Бірақ, мұндай құз жартастың арасында осындай жылдамдықпен жүгіретін сиыр қайдан болсын! Мен не болып жатқанын түсініп, фотоаппаратымды алу үшін рюкзагыма жармастым. Өкінішке орай, қабандар менен 30 метрге ұзап үлгерген еді. Бірақ сонда да кішкене кадр түсіре алдым. Олар өте үлкен, әдемі!,- деп жазды Дмитрий посттың астында.

a:2:{s:4:"TEXT";s:8251:"