Тәжірибелі мамандар шетелге неге көшіп жатыр?
Тәжірибелі мамандар шетелге неге көшіп жатыр?

Былтыр басқа мемлекетке жұмыс іздеп кеткендер саны 12 мыңға жуық. Ranking.kz-тің мәліметінше, шетел асқан жұмысшылардың дені 15 жылдық тәжірибесі бар мамандар.

Шетелге көшудің бірнеше себебі бар. Оқудан бөлек көшіп кететіндердің көпшілігі тұрмысын түзей алмағандар. Ал мықты мамандар бюрократия мен жемқорлықтан шаршаған, – деп хабарлайды AstanaTV. Эмиграцияның артуына табиғи құбылыс деп қарау қисынсыз дейді сарапшылар.

Экономист Айдар Әлібаев: «Мұндай құбылыс бұрыннан бар. Әсіресе, қазір, дағдарыс кезеңінде елдегі ахуал қиын. Әрі мамандар өз білімін қолдануына мүмкіндік аз. Ақша көлемін айтпаса да белгілі. Ертеңгі күніне күдікпен қарайтын көптеген азамат осындай қадамға баруға мәжбүр», – дейді.

Ресми дерек бойынша шетелге көшкен жұмысшылардың көпшілігі медицина саласының мамандары, заңгерлер, құрылысшылар, ауыл шаруашылығы саласының мамандары.