Қайғылы оқиға Павлодар ауданы Жаңақала ауылында болған. Істі Павлодар облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады, – деп жазады zakon.kz.
Былтыр қыркүйек айында Жаңақала ауылының 40 жастағы тұрғыны асүйде сарымсақты пышақпен турап отырған. Сол уақытта оны күйеуінің мас інісі қорлап, шапалақпен тартып жіберген.Әйелдің кінәсі дәлелденді. Оның алты кішкентай баласы бар.«Әйел қолындағы пышақты ер адамның жүрек тұсына сермеген. Көп қан жоғалтқан ер адам қайтыс болды» делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енген жоқ. Ауылдастары сотталған әйелдің мейірімді болғанын айтады.«Оған орташа қауіпсіздік мекемесінде сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұлтартпау шарасы – үйде қамауға алу күзетпен ұстауға өзгертілді. Әйел сот залында қамауға алынды. Бұл шара үкім заңды күшіне енгенге дейін қалдырылды», – деді облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Григорьевка ауылдық округінің әкімі Виталий Бруцкий: «Ешқашан қандай да бір мәселе болған емес. Бір үйде күйеуі мен балалары, қайын енесі, күйеуінің інісі тұрды. Күйеуі әрдайым жұмыста болған, ал інісі ішіп алып, оны ренжіткен», – дейді.
Көршілері де әйел туысын қасақана өлтірді дегенге сенбейді.