55 секундта жеңілген ММА файтері төрешімен күрескен
55 секундта жеңілген ММА файтері төрешімен күрескен
305
оқылды

Ол жекпе-жекті тоқтатып жатқан төрешінің өкшесін бұрауға тырысты.

Моңғолиялық аралас жекпе-жек (ММА) жауынгері Шинечагтга Золтсетсег One Championship 106 турнирінде қытайлық Ма Мен Венді нокаутпен жеңді. Қытайлық спортшы кездесудің 55-ші секундында қарсыластың жойқын соққысын жіберіп алды. Жерге құлаған ол төрешінің аяғына жармасып, оған ауырту әдісін жасауға тырысты.

Өкшені бұрау әдісі тізе сіңірлерінің жыртылуы және жіліншіктің сынуы сияқты ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін. ММА-да бұл әдісті жасауға рұқсат етілген, алайда бразилиялық джиу-джитсу турнирлерінде бұл техника қауіпті болғандықтан тыйым салынған.