Aikyn.kz-те жазылған мәселеге қатысты Аршалы ауданы әкімдігі түсініктеме берді
Aikyn.kz-те жазылған мәселеге қатысты Аршалы ауданы әкімдігі түсініктеме берді
180
оқылды

Кейіннен Aikyn.kz-те жарияланған «Аршалы ауданы әкіміне «үкім» шықты ма?» атты мақалаға орай түсініктеме жолдады.

Аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы Ольга Мустафинаның айтуынша, ақпарат Facebook әлеуметтік желісіне мемлекеттік тілде салынып, орыс тіліне автоматты түрде аударылған кезде қателік кеткен. «Сіздерде жарияланған материал бойынша төмендегіні хабарлаймын. Аршалы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы ретінде мен 2021 жылдың 17 ақпанында әкімдіктің төрт аккаунтында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен Аршалы ауданының әкімі болып Айдар Итемгенұлы Баймановтың тағайындалғаны жөнінде ақпарат орналастырдым.  Тілдер туралы заңға сәйкес, аталған ақпарат мемлекеттік тілде жарияланған. Орыс тіліндегі мәтін пікір түрінде қойылды. Алайда, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде мәтінді автоматты түрде аудару функциялары бар. Facebook нұсқасында мәтін үкім деген мәтінмен аударылуы тиіс болса, ал Instagram-да ол бұйрық деп аударылды. Бұл әлеуметтік желілердің қызметтерінің бірі болғандықтан аталған автоматты аудару функциясын алып тастау мүмкін болмады, – дейді Ольга Мустафина.

Әкімдіктің баспасөз хатшысы дәлел ретінде әлеуметтік желіде аударылған мәтіннің скриншоттары мен мемлекеттік және орыс тілінде жазылған мәтіндерін де жолдады.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы