Димаш Құдайберген Қытайда тағы бір марапатқа ие болды
Димаш Құдайберген Қытайда тағы бір марапатқа ие болды

Бұл туралы әнші өзінің Инстаграммдағы парақшасында жазды.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың JSTYLE Exquisite Annual Awards 2019 жүлдесін алды. Бұл туралы артист өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазды.

«Мен JSTYLE жылдың ең үздік әншісі сыйлығын алдым. Рахмет, қымбаттыларым(Димаштың жанкүйерлері), мен сендерді жақсы көремін», - деді әнші.

Марапат Димаш Құдайбергенге Қытайдың Шанси провинциясындағы Пингяо қаласында берілді. 2019 жылдың желтоқсан айында ол Internet Bull Ears Awards 2019 нұсқасы бойынша Қытайдағы 2019 жылғы ең танымал шетелдік әнші атанды. Артистің алдағы концерттері 11 наурызда Киевте және 25 наурызда Прагада өтпек.