Сабина Алтынбекова араб клубында алғашқы ойынын өткізді
Сабина Алтынбекова араб клубында алғашқы ойынын өткізді
123
оқылды

Бұл қазақстандық волейболшының 2020 жылғы алғашқы жеңісі.

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова БАӘ-де жаңа клуб құрамында алғашқы ойынын өткізді. Өзінің дебюті туралы ол Instagram парақшасында қысқа жазба қалдырды. "2020 жылғы бірінші ойын. "Әл-Васл" үшін бірінші рет өнер көрсеттім. Бірінші жеңіс", - деді ол. Команданың әлеуметтік желідегі парақшасында олардың қарсыластары "Әл-Ахли" клубының волейболшылары болғаны жазылған. Есеп 2:3.


"Аль-Васл" 2019 жылы Араб Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған. Дубайлық команда мультиспорттық клуб болып саналады."Аль-Васл" Алтынбекованың карьерасындағы екінші шетелдік команда. 2015 жылы ол жапониялық CSS Sunbeam үшін өнер көрсеткен. Ал Қазақстанда волейболшы "Алматы" құрамында ойнаған.