Қазіргі уақытта Абай атындағы ҚазҰПУ-де 13 мыңнан астам адам оқиды, оның ішінде 10 780-і сырттан қатынайды. Жалпы 3 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж.
Жоғары оқу орнының 1397 төсекке арналған 5 жатақханасы бар. Бүгінгі күні онда санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес тек 1-курстың 814 студенті тұрады. Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мақсатында университет 327 орынға арналған жатақхана салуды жоспарлап отыр.«Алматы бас жоспары «Ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нан келісім алынды. Білім және ғылым министрлігі, «Қаржы орталығы» АҚ және Абай атындағы ҚазҰПУ арасында үшжақты келісім жасалды. Инвестор және мердігер – «Әл Мансур» ЖШС.
Бұған дейін Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жері туралы жазған болатынбыз