Иран билігінің өз кінәсін мойындауы маңызды шешім болды — Тоқаев
Иран билігінің өз кінәсін мойындауы маңызды шешім болды — Тоқаев
5,109
оқылды

Иран билігінің әуе апатына байланысты өз кінәсін мойындауы маңызды шешім болды, — деп жазды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында. 

«Иран билігінің бірнеше мемлекет азаматтарының өмірін қиған әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы — маңызды шешім болды. Бейбіт азаматтарды да құрбан қылатын шиеленісті бәсеңдету үшін, қалыптасып отырған жағдайда барлық тараптар ұстамдылық танытуы керек», — деп жазды Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Иран Қарулы Күштерінің Бас штабы Тегеран маңында құлаған ұшақты Иранның Әуе қорғаныс күштері қызметі зымыранмен байқаусызда атып түсіргенін мәлімдеген болатын.

Иран президенті Хасан Роухани Украина ұшағының құлауына кінәлі әскерилер қылмыстық жауапқа тартылатынын айтты.