Ауа райына байланысты жолдар жабылды
Ауа райына байланысты жолдар жабылды
212
оқылды
Ақмола облысында ауа райына байланысты республикалық бірқатар жолдар жабылды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран) 18 ақпан сағат 10:45-тен бастап республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде көліктің барлық түріне қозғалыс тоқтады. Атап айтқанда, «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырымында, Қостанай облысы шекарасынан Шұрған кентіне дейінгі аралықта көлік жүруіне тыйым салынды.
«Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-595 шақырымы (Сурганова -Бұзылық кенті аралығы), «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 63-82 шақырымы (Жақсы- ауылынан Бұзылық кентіне дейін) жабық тұр», – деді ведомстводан.