Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алаяқтар жалған хабарлама таратып жатқанын ескертті
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алаяқтар жалған хабарлама таратып жатқанын ескертті
140
оқылды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) желіде алаяқтар жалған хабарлама таратып жатқанын ескертті.

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алаяқтар шабуылы туралы ақпарат алғанын хабарлап отырады. Бізге тағы да жаңа алдау жүйесі туралы хабарлама келді. Онда өзін зейнетақы қоры қызметкерімін деп таныстырып, банк картасының нөмірін және зейнетақыны қайта есептеу үшін салымшыдан жеке деректерін сұрайтыны айтылған. БЖЗҚ мұндай алдау жүйесінің Ресей Федерациясында жүзеге асырылғанын және қазақстандық зейнетақы қорына ешқандай қатысы жоғын анықтады", – делінген хабарламада.

БЖЗҚ мұндай хабарлама жібермейтінін және телефон арқылы жеке деректер мен сіздің банктік картаңыздың деректерін сұрамайтынын хабарлайды. Сондай-ақ, қор бейтаныс сайттарға күдікті сілтемелер бойынша өтпеуге кеңес береді.

Ақпаратты тек enpf.kz ресми сайтында немесе БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан қарап, тексеру қажет.