90 отбасы баспанасыз қалды (видео)

90 отбасы баспанасыз қалды (видео)

Көкшетауда 90 отбасы пәтерcіз қалды, — деп жазады kokshetau.asia.

Дерекөздің жазуынша, Көкшетаудағы Вернадский көшесіндегі көппәтерлі үй ресми түрде апатты деп танылды. Сол себепті, ондағы 90 отбасы баспанасыз қалды.

Бұл үйдің жайы бұрыннан белгілі. Осы аптада қала әкімінің орынбасары Сағындық Шабаров қатысқан жиын өтті.



Оның айтуынша, жүргізілген сараптама нәтижесі үйдің апатты жағдайда екенін растады.

Сондай-ақ, шенеунік аталған ауданда көпқабатты тұрғын үй құрылысы белгіленетінін айтты. 

Онда осы тұрғындарды қоныстандыру жоспарланған.  Осы сәтке дейін тұрғындардың жеке баспанасы болса, енді оларға жалдамалы пәтер ұсынбақ.

Олар наразылық білдіргенімен, заңға сәйкес, мұндай жағдайда тек жалдамалы тұрғын үй алуға болатыны айтылды.

Тұрғындар мәселені шешу үшін облыс әкімі мен депутаттарды тартуды талап етті.

Әкімдік өкілдері заңға сәйкес, үй апатты деп танылған сәттен бастап, оның тұрғындарын жоспарланған үйлердің салынуын күтпестен, бірден көшіру қажет екенін айтты.