Қостанай және Рудный қалаларында екінші ауысымдағы оқушылар сабағын үйден оқиды.
«Желдің күшеюі, бұрқасын мен жолдың нашар көрінуіне байланысты 18 ақпанда екінші ауысымдағы 1-11-сынып оқушыларына сабақ болмайды. Оқу бағдарламасы қашықтық форматы арқылы ұсынылады», – делінген облыстық Білім басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.