Алматы мен Анталия арасында қатынайтын қосымша 2 рейс ашылады
Алматы мен Анталия арасында қатынайтын қосымша 2 рейс ашылады
102
оқылды
Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 15 ақпандағы шешіміне сәйкес, SCAT әуе компаниясына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды қалаларынан Рас-эль-Хайм қаласына (БАӘ) жолаушыларды теріс нәтижесі бар ПТР-тестімен қамтамасыз ете отырып (100%), аптасына 8 рейс орындауға рұқсат етілді. Сондай-ақ, ВАК шешімі бойынша түрік әуе тасымалдаушыларына Алматы мен Анталия қалалары арасында қосымша 2 рейс орындауға рұқсат етілді. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.