Шымкентте интернатта мүмкіндігі шектеулі қызды 7 жыл зорлаған: Тексеріс нәтижесі жарияланды
Шымкентте интернатта мүмкіндігі шектеулі қызды 7 жыл зорлаған: Тексеріс нәтижесі жарияланды
103
оқылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасы бойынша мониторингтік топ жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында Шымкент қаласының №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қызмет алушылардың құқықтарын бұзудың көптеген фактілері анықталды.

Бұған дейін хабарланғандай, Шымкент қаласының тұрғыны Әлия Мамутованың Instagram-пабликіндегі өтініші тексеруге негіз болды. Әйел І топтағы мүмкіндігі шектеулі қызы мекемеде 7 жыл бойы зорлағанын хабарлады. Оның айтуынша, эпилепсиямен ауыратын қызы есінен танған кезде оның денесіне қол сұғылған. Айтуынша, интернатта мүмкіндігі шектеулі қызының жатырына жүкті болып қалмауы үшін құпия түрде спираль салған.

Мониторингтік топтың құрамына бейінді мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және т. б. өкілдері кірді.

Тексеру барысында қызмет алушылар құқығының бұзылу фактілері және Орталық қызметін ұйымдастыру кезінде кеткен кемшіліктер анықталды. Мысалы, бірнеше палатада жатын алаңдар белгіленген нормаға сәйкес келмейді, яғни қызмет алушыға тиісті 5 м2 алаңның орнына 3-тен 4,5 шаршы метрден келеді.

Кейбір қызмет алушының жеке жұмыс жоспарлары оңалтудың жеке бағдарламасында ескерілмеген. Бұдан басқа, қызмет алушылар жұмсақ инвентарьмен және киіммен толық көлемде қамтамасыз етілмеген. Қызмет алушылардың киімінің маркировкасы жоқ.

Сондай-ақ асхана, ас бөлмесі, азық-түлік қоймасын тексеру кезінде бірқатар бұзушылық анықталды. Бұл орталықтың лауазымды адамдарына тиісті бақылаудың жоқтығын көрсетеді. Ас блоктарында және басқа да үй-жайларда санитарлық жағдайдың талапқа сай болмауынан қызмет алушылардың жаппай неше түрлі ауру жұқтыру қаупі бар.

Сонымен қатар 2020 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс тобының мүшелері объектіге барған кезде жасаған ескетулеріне мекеме басшылығының әрекетсіздігі және әлсіз әрекет етуі атап өтілді.

Соңғы тексеру арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша бұзушылықтар жойылмағанын көрсетті.

Тексеру нәтижелері бойынша Шымкент қаласының әкімдігіне министрліктен ескерту жасалды. Біліктілік талаптарын ескере отырып, орталық директоры Мырзахан Жолтаевты қызметінен босату және мекеме басшысына қоғамның белсенді өкілін тағайындау туралы ұсыныс жіберілді.

Сондай-ақ кеңес барысында балаларға арналған 20 медициналық-әлеуметтік мекеменің басшыларына қатысты жазалау шаралары туралы айтылды.

Осылайша барлығы 13 қызметкерге қатысты жаза қолданылды, оның ішінде 4 орталық басшысы жұмыстан босатылды (3 директор және директордың орынбасарлары; ШҚО, Түркістан облысы және Нұр-Сұлтан қаласында), Шымкент қаласының № 6 орталығы мен Солтүстік Қазақстан облысының «Арман» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директорларына қатысты жаза қолданылды.

4 орталықтың директорларына (Атырау, Жамбыл, Қостанай және Қарағанды облыстары) қатысты «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза ұсынылды. Сондай-ақ 6 медициналық-әлеуметтік мекеме бойынша бұзушылықтар толығымен жойылды. Алматы және Маңғыстау облыстарының екі орталығына бірінші басшылардың ротациясы ұсынылды.