Қайық суға батып, 11 адам қаза тапты
Қайық суға батып, 11 адам қаза тапты
5,179
оқылды

«Анадолы» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркия жағалауында мигранттар мінген қайық суға батып кетті.

Дереккөздің хабарлауынша, 11  мигрант, оның ішінде, 8 бала қаза тапты.

Түркия жағалау күзетінің өкілі жариялаған мәліметте Измир провинциясында Чешме жағалауында 19 заңсыз мигрант мінген қайық аударылып кеткен.

Түркияның жағалау күзеті сегіз мигрантты құтқарып қалды.

Түркия — қазіргі уақытта жаңа өмір бастағысы келетін заңсыз мигранттардың Еуропаға өтуіне жол ашатын негізгі транзит бекеті.

Мигранттар отанындағы соғыс пен қудалаудан қашып, Түркияны паналап жатыр.

Түркия ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2018 жылы елде 268 000 заңсыз мигрант ұсталды.