Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Nur Otan

Nur Otan бір ай ішінде солтүстік өңірге арналған 5 жылдық Жол картасын дайындады

"Айқын" ақпарат
Ақпан 18, 2021
Nur Otan, Жаңалықтар, Қазақстан
солтүстік өңір

Nur Otan партиясы сайлаудан кейінгі бір ай уақыт ішінде өзінің 216 сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол карталарын әзірледі. Биыл еліміздің солтүстік өңірінің тұрғындары үшін не істелетіні туралы партия Орталық аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы аясында әрбір өңірде, қала мен ауданда жүйелі бақылауды қамтамасыз ету үшін нақты нысаналы индикаторлар мен мерзімдер белгіленіп, сондай-ақ, оған жауапты орындаушылар айқындалды.

Сонымен, Ақмола облысында алдағы 5 жылда 1948 көрсеткіш пен 5175 іс-шараны орындау көзделген. 2021 жылы Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы 16,4%-ға, 2022 жылы – 38,3%-ға, 2023 жылы – 59,9%-ға, 2024 жылы – 80,3%-ға және 2025 жылы 100%-ға орындалатын болады.

Биылдың өзінде 27 медициналық нысанның 14-і, 119 мектептің 37-сі, 21 балабақшаның 5-еуі, 60 спорт нысанының 22-сі салынады. 5 жыл ішінде 3,4 млн. шаршы метр тұрғын үй салынып, 80 мыңнан астам жұмыс орны ашылады және тағы да басқа істер атқарылады.

Алакөлге апаратын жол биыл ашылады

Халықтың әлеуметтік әл-ауқаты бақылауда

Онлайн форматтағы кезекті қабылдау

Қостанай облысында 2215 көрсеткіш пен 6491 іс-шараны орындау жоспарланған. 2021 жылы өңірлік сайлауалды бағдарлама 20,1%-ға, 2022 жылы – 40,1%-ға, 2023 жылы – 60%-ға, 2024 жылы – 79,9%-ға, ал 2025 жылы толығымен жүзеге асырылады.

Осы жылдың соңына дейін 2803 км. автожолдың 480 шақырымы, 923 км. сумен жабдықтау құбырының 160-ы, 207,6 км. газбен жабдықтаудың 44,4 км. салынып, реконструкцияланады.

Жалпы, 80 мың жұмыс орнын құру, 42 жаңа кәсіпорын ашу және кеңейту, 2,2 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Қостанай қаласында 1750 орындық 4 студенттер жатақханасын салу, сондай-ақ, тұрғын үй сатып алуға несие беру, көтерме жәрдемақы беру және т. б. арқылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 1500-ден астам білікті жас мамандарды әлеуметтік қолдаумен қамту жоспарлануда.

Павлодар облысында Жол картасы аясында 2691 көрсеткіш пен 1888 іс-шараны орындау көзделген. 2021 жылы партияның сайлауалды бағдарламасы 16%-ға, 2022 жылы – 34%-ға, 2023 жылы – 58%-ға, 2024 жылы – 73%-ға және 2025 жылы 100%-ға іске асырылады.

2021 жылдың өзінде 14 000 пәтердің 2 444-і, 3 медициналық нысан, жастарға арналған бір жатақхана, 5 мектептің 2-еуі, 28 спорт нысанының 5-і салынады. Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін 364 нысанның 161-і қайта бейімделеді.

5 жыл ішінде 69 мың жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сондай-ақ, Nur Otan партиясы жеңілдетілген несие беруді, келісімшарттық қаржыландыру тетігін, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша техника, жабдықтар лизингін кеңейту арқылы дихандарға барынша қолдау көрсетуге ниетті. Егіс алқаптарын кеңейту, көтерме-тарату орталықтарын салу сияқты тағы да басқа істер көзделіп отыр.

Солтүстік Қазақстан облысында 2078 көрсеткіш және 1134 іс-шара бекітілді. 2021 жылы Nur Otan сайлауалды бағдарламасы 21%-ға, 2022 жылы – 47%-ға, 2023 жылы – 74%-ға, 2024 жылы – 88%-ға және 2025 жылы 100%-ға орындалатын болады.

Осы жылы 2,7 мың км. автожолдың 394 шақырымы, 489,7 км. сумен жабдықтаудың 127 шақырымы, 80 км. жылумен жабдықтаудың 17 шақырымы, 280,8 км. су тартудың 58,7-сі салынып, реконструкцияланады.

2025 жылға дейін 65 мың жұмыс орны ашылып, 8,9 мың пәтер, 11 медициналық нысан, 96 спорт нысаны, 2 мектеп және жастарға арналған 5 жатақхана салынады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін Мәжілістегі Nur Otan фракциясының отырысында партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша республикалық Жол картасы бекітілген. Барлық сайлауалды уәделермен nurotan.kz және nurotan2021.kz. сайттарынан танысуға болады

 
Тегтер: Nur OtanЕлбасыжол картасыНұрсұлтан НазарбаевОрталық аппаратСолтүстік өңір
Алдыңғы жаңалық

2021-2025 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді

Келесі жаңалық

Тоқаев Өзбекстанның сыртқы істер министрін қабылдады

Ұқсас жаңалықтар

Қосшы
Жаңалықтар

Қосшы ауылында жоғалған 6 жасар қыз елордадан табылды

Сәуір 11, 2021
жұмыртқа
Жаңалықтар

Нутрициолог маман жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатуға және қуыруға болмайтынын айтты

Сәуір 10, 2021
Айзада
Жаңалықтар

Айзаданың өлімі: Бішкек ІІББ басшысы қызметтен кетті

Сәуір 10, 2021
футбол
Жаңалықтар

Футбол: «Астана» «Атырауды» жеңді

Сәуір 10, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қосшы ауылында жоғалған 6 жасар қыз елордадан табылды

Сәуір 11, 00:31

Нутрициолог маман жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатуға және қуыруға болмайтынын айтты

Сәуір 10, 22:57

Айзаданың өлімі: Бішкек ІІББ басшысы қызметтен кетті

Сәуір 10, 22:25

Футбол: «Астана» «Атырауды» жеңді

Сәуір 10, 21:55

Тойға келген қонақтар жертөлеге жасырынған – видео

Сәуір 10, 21:16

Қазақстанның он өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Сәуір 10, 20:26

Иманбек Зейкеновтің жаңа трегі шықты

Сәуір 10, 20:01
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Қосшы

Қосшы ауылында жоғалған 6 жасар қыз елордадан табылды

Сәуір 11, 2021
жұмыртқа

Нутрициолог маман жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатуға және қуыруға болмайтынын айтты

Сәуір 10, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»