Кеме апатынан 12 адам қаза тапты
Кеме апатынан 12 адам қаза тапты
86
оқылды

Грекия маңындағы Пакси аралдарына жақын тұста заңсыз мигранттар отырған кеме апатқа ұшырады, — деп жазды 24.kz.

Грекияның жағалау күзеті хабарлағандай, апат салдарынан 12 адам суға батып кетті. Бұған қоса, аталған күзет 21 адам құтқарғаны туралы мәлімет таратты.

Анығы, кемеде 50-ге жуық адам болған. Сондықтан қазір апат болған болған аумақта іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құтқару жұмыстарына бірнеше кеме мен тікұшақ жұмылдырылған.