2021 жылдан бастап жоғары оқу орындары жеке үлгідегі диплом береді
2021 жылдан бастап жоғары оқу орындары жеке үлгідегі диплом береді
134
оқылды
Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов 2021 жылы жоғары оқу орындары қандай диплом беретінін айтты. 
«ЖОО-ларға академиялық дербестік бекітілген, яғни оқу орындары дербес түрде өздерінің академиялық бағдарламасын әзірлеп, дипломдарын береді. Қазіргі кезде жоғары оқу орындары өздерінің білім беру бағдарламасын айтарлықтай жылдам аша алады», - деді М. Дәуленов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, ең басты талап ретінде бұл бағдарлама жұмыс берушілер сұранысына жауап беріп, білім сапасына сәйкес келуі керек.
«2021 жылдан бастап ЖОО-лар жеке үлгісі бойынша диплом беретін болады. Бұл өз кезегінде академиялық дербестікті кеңейтуде үлкен қадам болып отыр. Осыған байланысты оқу орындары өз еркімен мұндай дипломның форматын, сондай-ақ оны табыстау жүйесін айқындайды», - деді вице-министр.