Көкшетау-Зеренді автожолында ірі апат болды
Көкшетау-Зеренді автожолында ірі апат болды
212
оқылды

Көкшетау-Зеренді күре жолының бойында «Toyota Camry» мен «ВАЗ-2115» автокөлігі соқтығысып, ірі жол апаты болды деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеуде. Алдын-ала мәлімет бойынша 3 азамат көз жұмды. Полицияның баспасөз қызметі әзірге қандай да бір нақты деректердің жоқтығын айтып, тергеу жүргізілгеннен кейін барып, ресми мәліметтер беретіндіктерін жеткізді. Бізге оқиға орнында болған куәгер адамдар хабарласты. «Біз Зерендіден келе жатқан едік. Онда адамдар да зардап шеккен болуы керек. Екі жедел жәрдем көлігі тұр. Қаладан бері қарай тағы бір жедел жәрдемнің келе жатқанын көрдік. Мүмкін адамдар мерт болған да шығар. «Пятнашканың» алдыңғы жағы түгелдей ішке кіріп кеткен», – деді куәгерлердің бірі. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы