АҚШ БҰҰ-ға 491 миллион доллар қарыз
АҚШ БҰҰ-ға 491 миллион доллар қарыз
104
оқылды

Жеті мемлекеттің БҰҰ Бас Ассамблеясында дауыс беру құқығы уақытша тоқтатылды, — деп хабарлайды «Анадолу» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап «Қазақпарат».

Ал АҚШ-тың БҰҰ-ға қарызы бұрынғыша 491 млн доллар болып отыр.

БҰҰ-ға мүше Ливан, Венесуэла, Орталықафрикалық Гамбия, Лесото, Тонга және Йемен сияқты барлығы 7 мемлекет ұйымның бюджетіне төленетін жарна төлемеуі себепті Бас Ассамблеяда дауыс беру құқығынан уақытша айырылды.

БҰҰ Жарғысының 19-бабына сәйкес, егер ұйымға қарызы екі жылда төленуі тиіс көлемнен асып кетсе, мемлекет БҰҰ Бас Ассамблеясында дауыс беру құқынан айырылады.

Былтыр БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің 146-сы ұйымға жарналарын толық төлеген. Жарнаны ұйымға мүше 47 мемлекет төлемеген. АҚШ-тың қарызы бұл ретте 491 млн долларға жеткен.