Қуат Хамитов ыдыс жуушы "Мисс Қызылорда" аруын көпшілікке үлгі етті
Қуат Хамитов ыдыс жуушы "Мисс Қызылорда" аруын көпшілікке үлгі етті

Ережесіз жекпе-жек жауынгері Қуат Хамитов жұмыс таппай, ыдыс жуған "Мисс Қызылорда - 2017" аруы - Гүлнұр Нұртаза туралы желідегі өз парақшасында жазба жариялап, оны көпшілікке үлгі етті. 

Бұған дейін ару қыз бірнеше жерден жұмысқа шақырту алған. Бірі ресейлік шоуға қатысуға шақырса, екіншісі - Украинадағы жарнама агенттіктері жұмысқа шақырған. Алайда бойжеткен бұл ұсыныстардан бас тартқан. Ол ресейлік шоуға барса, өз елін таныта алмайтынын, ал Украинада жұмыс істеуден бас тартқанын елден кеткісі келмейтінімен түсіндірді. Қуат Хамитов ақшаға қызықпай, өз ары мен абыройын жоғары қойған аруға тәнті болып, сұлудың суретін Instagram парақшасында жүктеді.  
"Біздің аруымыздың атақ-даңқ пен ақша үшін Ресейге бармай қалғаны туралы жаңалықты оқып, өзімді керемет сезіндім. Біздің елімізде әлі күнге дейін лайықты қыздар, Гүлнұр сияқты өз Отанын сүйетін патриоттар бар екенін мақтан тұтамын! Гүлнұр Нұртазадан үлгі алыңыздар, жарайсың!", - деп жазды ол.
  Бойжеткен оның жазбасына лайк басып, өзін қолдағаны үшін алғысын білдірді. Ол Қуат Хамитовқа "аға" деп ілтипат танытты.

"Нағыз еркектер дәл осындай қызға үйленеді. Жақында мен онымен танысуға барамын", -деп жазды жекпе-жек жауынгері Instagram-дағы парақшасында.