9 өңірде автожолдар жабылды
9 өңірде автожолдар жабылды
161
оқылды
Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің 9 өңірінде автожолдар жабылды.  «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ деректері бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, жаяу бұрқасын, көру мүмкіндігінің нашарлауы) 9 өңірде – Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Сонымен қатар «Қазгидромет» РМК деректері бойынша, алдағы күндері еліміздің барлық өңірінде жекелеген аумақтарда көктайғақ, бұрқасын, қар, тұман болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Осыған орай, Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын ұстануға шақырды.