Айсұлтан Сейітовтің видеоклипі «BooooooomTV» сыйлығын иеленді
Айсұлтан Сейітовтің видеоклипі «BooooooomTV» сыйлығын иеленді
117
оқылды
Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітовтің отандасымыз - рэпер «Қара зире майының» (шын аты-жөні Айдын Нұралин) «Тылсым әлем» атты композициясына түсірген видеоролигі Канаданың BooooooomTV Awards 2020 тұғырнамасында «Жылдың үздік музыкалық видеосы» санатында марапатқа ие болды.
«Айсұлтан Сейітов, ол - Қазақстаннан, Алматы қаласынан шыққан режиссер. Егер сіздер қандай да бір сәтте тұғырнамамызды назарыңызда ұстасаңыз, онда соңғы 2 жылда сайтымызда жарық көріп жүрген Сейітовтің қазақстандық рэпер Қара зире майына арналған видеоларын байқаған шығарсыз. Біз үшін бейтаныс әлемнің өзге бөлігінен мұндай контентті көру қызықты да. Оның үстіне бұл шығармашылық жұптың бірлескен жұмысы шынымен де ерекше», - делінген канадалық тұғырнаманың Instagram-парақшасында жарияланған ресми ақпаратта.