Қазақстандықтардың аты-жөнін латын әліпбиімен жазу ережелері әзірленеді
Қазақстандықтардың аты-жөнін латын әліпбиімен жазу ережелері әзірленеді
Мәдениет вице-министрі Нұрғиса Дәуешов 2021 жылы қазақстандықтардың аты-жөндерін латын негізді әліпбимен жазылу ережелері әзірленетінін айтты.
«Қазақстандықтардың аты-жөндерін латын әліпбимен жазылу ережелері әзірленеді. Одан бөлек ел аумағындағы географиялық объектілердің және олардың құрамдас бөліктерінің атауы да латын графикасы негізінде стандартталады. Сондай-ақ қазақ тілін ғылым тіліне айналдыруға бағытталған ғылыми-лингвистикалық базаны құру жоспарлануда», - деді вице-министр.
Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларына» өзгерістер енгізілген.