«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты 11 өңірде ескерту жариялады. 19 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Қарағанды облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с, 23-28 м/с дейін артады. Павлодар облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ болжанады. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында қар, кей жерлерде қатты қар күтіледі. Сонымен қатар, қар, тұман, бұрқасын болады. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 23-28 м/с артады. Ақмола облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Жекелеген аумақтарда тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тұман, бұрқасын, көктайғақ болжануда. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы 1-3 градус жылыдан 15-17 градус аязға дейін күрт төмендейді және одан ары төмендеуі күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Алматы облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 19-20 ақпанда тұман күтіледі. 20 ақпанда кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Қызылорда облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен батысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. Ауа температурасы 12-17, солтүстікте 5, оңтүстікте 20 градус жылыдан 10 градус аязға дейін күрт төмендейді. Жамбыл облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, күндіз 20 ақпанда таулы аймақтарда қатты қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.