Жүргізушісі жоқ КамАЗ автокөлікке соғылды
Жүргізушісі жоқ КамАЗ автокөлікке соғылды
5,134
оқылды
Қол тежегішін қосуды ұмытып кеткен КамАЗ жүргізушісіне төтенше жағдай жасағаны үшін айыппұл салынды, – деп хабарлады Pavlodarnews.kz. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Қалқаман ауылы маңындағы Павлодар – Екібастұз автожолында жол бойындағы дәмханалардың бірінің жанында 37 жастағы КамАЗ жүргізушісі көлік қойып жатқан кезде қол тежегішін қоспаған. Салдарынан жүк көлігі жоғарыдан төмен қарай «Ниссан» көлігіне соғылған. «КамАЗ жүргізушісі ҚР ӘҚБК 610-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.