Екі адамды алдап, 23 миллион теңгеден астап қаржыны қалтасына басқан алаяқ қолға түсті. Шығыс Қазақстан облысында екі тұрғын алаяққа сеніп, 23 миллион теңгесінен айырылып қалған. Тарбағатай ауданының 27 жастағы тұрғыны екі әйелді алдап, қомақты қаржы, пәтер беруге уәде берген. ШҚО полиция департаменті Өскемен қаласының 24 жастағы тұрғыны жинаған сомасын екі есеге арттырғысы келіп, алаяққа төрт миллион теңге бергенін хабарлады. Кейін ол ақшасынан да, әйелден де айырылып қалған. "Жәбірленуші Өскемендегі полиция бөліміне шағым түсірді. Сол күні Тарбағатай ауданы тұрғынынан да дәл сондай арыз түсті. Екі келіншекті де бір алаяқ алдағаны белгілі болды. Екінші әйел алаяққа пәтер сатып алуға 19 миллион теңгесін берген", – деді ШҚО ПД баспасөз қызметі өкілдері.