Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Сот жүйесін жетілдіруді көздейді

«Айқын» ақпарат
Ақпан 19, 2021
Саясат, Жаңалықтар, Қазақстан
Мәжіліс
9
қаралым

Соттар халық пен бизнесті сергелдеңге салуын жалғастырып жатыр. Бұл жүйені кемеліне келтіру үшін кезекті рет заңнаманы жетілдіру жұмыстары қолға алынды. Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында соттар жұмысындағы олқылықты жоюға бағытталған бірқатар жаңа заң жобалары мақұлданды.

Палата Төрағасы Н.Нығма­­­тулин сот жүйесін жаңғырту үшін елде қабылданып жатқан ша­­­­раларға назар аудартты. Соның бірі сот жүйесі туралы заңна­­­ма­­­­лық базаны жетілдіруді көз­­­­дейді. Мәжіліс кезекті құжаттар топта­­­масын – «Сот жүйесі мен судья­­ла­­­­рының мәртебесі туралы» кон­­­­­­ституциялық заңға түзе­­ту­­­лерді, «Әкімшілік құқық­­­­­­­бұ­­зу­­­­шылық туралы кодекске өз­герістер енгізу туралы» және «Кей­бір заңна­­малық актілерге сот жүйесін жаң­­­ғырту мәселелері бойынша өз­­­­­герістер мен толық­­тырулар енгізу туралы» заң жо­­баларын бірінші оқылымда құп­тады.

Биылғы 1 шілдеден бастап елімізде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енеді, ол сот жүйесінің жұмысын тү­­зетуді талап етеді. Сондықтан қолданыстағы заңнамаға тиісті түзетулер енгізу қажет болған. Депутаттар әкімшілік әділет-юстицияның енгізілуіне бай­­­­­ланысты судьялар корпусының жаңа форматта жұмыс істеуге қаншалықты дайын екеніне қа­­тысты мәселе көтерді.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин халықтың және биз­­­несмендердің әкімшілік сот­тарға өтініштерінің саны артуы мүмкін екеніне екпін түсіре кетті.

Есірткі бизнесімен  енді  әйелдер де айналыса  бастады  

Халықты бірлікке шақыратын мереке

Еуразиялық экономикалық одақтың шарттарын қарайды

– Сол себепті бұл жерде судья­­­­ларды даярлау маңызды. Әкімшілік сот ісін табысты ен­­­діру де соған тәуелді болады, – деді спикер. Оның айтуынша, мақұлданған заң жобалары елдегі сот жүйесін модернизациялаудың жалғасы саналады.

Н.Нығматулиннің мәліме­­тінше, депутаттық корпус ары қарай да сот жүйесін жаңғырту ісін заңнамалық қолдау бағы­тында белсенді жұмыс жүргізуге дайын.

Жаңа түзетулер Жоғарғы Сот­та Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасын құруды және қол­­­да­ныстағы маман­­данды­­рылған сот алқасын жоюды көздейді. Бұл әкімшілік әділетті енгізудің бас­тапқы кезеңінде жүктемені бір­келкі таратуға жол ашатын кө­рінеді.

Заң жобасы Жоғарғы Сот төрағасы не судьясы лауазымына үміткерлерге қойылатын талап­­­­тарға өзгерістер енгізеді, оларды Мемлекет басшысы ұсынатыны мәлім. ЖС судьясы лауазымына сайлау үшін Президент ұсынған адамдардың негізінен жеткілікті тәжірибесі бар, тәжірибелі ма­­мандар екенін ескере отырып, депутаттар заң жобасында олар­дың біліктілік емтиханынан өтуі туралы қолданыстағы ережені алып тастады. Сондай-ақ олар­­дан енді заң мамандығы бойынша ке­мінде 20 жыл жұмыс өтілі талап етілмейді.

 Айхан ШӘРІП

 
Тегтер: бизнесжаңа заң жобаларыМәжілісНұрлан НығматулинСергелдеңсот жүйесісоттархалық
Алдыңғы жаңалық

Заңдар да «карантинге» ілігеді

Келесі жаңалық

«Ақылды қалалардың» жаһандық рейтингіне енеді

Ұқсас жаңалықтар

Нұркен Өтеуіл
Жаңалықтар

Белгілі актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды

Наурыз 2, 2021
ескерту
Жаңалықтар

8 өңірде ескерту жарияланды

Наурыз 2, 2021
Түркістан
Жаңалықтар

Түркістандағы жантүршігерлік оқиға: Бес адамның мәйітін әуелі көршілері көріпті

Наурыз 2, 2021
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары әлем елдерінде баланы кемсітуге қалай жол берілмейтінін айтты
Жаңалықтар

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары әлем елдерінде баланы кемсітуге қалай жол берілмейтінін айтты

Наурыз 2, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды

Наурыз 2, 20:15

8 өңірде ескерту жарияланды

Наурыз 2, 19:59

Түркістандағы жантүршігерлік оқиға: Бес адамның мәйітін әуелі көршілері көріпті

Наурыз 2, 19:34

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары әлем елдерінде баланы кемсітуге қалай жол берілмейтінін айтты

Наурыз 2, 18:54

Алматылық жігіт Нью-Йоркте қазақ радиосын ашты

Наурыз 2, 18:50

Елбасы Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровпен кездесті

Наурыз 2, 18:34

Дәурен Кеңбейіл Қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Наурыз 2, 18:19
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Нұркен Өтеуіл

Белгілі актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды

Наурыз 2, 2021
ескерту

8 өңірде ескерту жарияланды

Наурыз 2, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»