Сот жүйесін жетілдіруді көздейді
Сот жүйесін жетілдіруді көздейді
161
оқылды

Соттар халық пен бизнесті сергелдеңге салуын жалғастырып жатыр. Бұл жүйені кемеліне келтіру үшін кезекті рет заңнаманы жетілдіру жұмыстары қолға алынды. Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында соттар жұмысындағы олқылықты жоюға бағытталған бірқатар жаңа заң жобалары мақұлданды.

Палата Төрағасы Н.Нығма­­­тулин сот жүйесін жаңғырту үшін елде қабылданып жатқан ша­­­­раларға назар аудартты. Соның бірі сот жүйесі туралы заңна­­­ма­­­­лық базаны жетілдіруді көз­­­­дейді. Мәжіліс кезекті құжаттар топта­­­масын – «Сот жүйесі мен судья­­ла­­­­рының мәртебесі туралы» кон­­­­­­ституциялық заңға түзе­­ту­­­лерді, «Әкімшілік құқық­­­­­­­бұ­­зу­­­­шылық туралы кодекске өз­герістер енгізу туралы» және «Кей­бір заңна­­малық актілерге сот жүйесін жаң­­­ғырту мәселелері бойынша өз­­­­­герістер мен толық­­тырулар енгізу туралы» заң жо­­баларын бірінші оқылымда құп­тады. Биылғы 1 шілдеден бастап елімізде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енеді, ол сот жүйесінің жұмысын тү­­зетуді талап етеді. Сондықтан қолданыстағы заңнамаға тиісті түзетулер енгізу қажет болған. Депутаттар әкімшілік әділет-юстицияның енгізілуіне бай­­­­­ланысты судьялар корпусының жаңа форматта жұмыс істеуге қаншалықты дайын екеніне қа­­тысты мәселе көтерді. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин халықтың және биз­­­несмендердің әкімшілік сот­тарға өтініштерінің саны артуы мүмкін екеніне екпін түсіре кетті. – Сол себепті бұл жерде судья­­­­ларды даярлау маңызды. Әкімшілік сот ісін табысты ен­­­діру де соған тәуелді болады, – деді спикер. Оның айтуынша, мақұлданған заң жобалары елдегі сот жүйесін модернизациялаудың жалғасы саналады. Н.Нығматулиннің мәліме­­тінше, депутаттық корпус ары қарай да сот жүйесін жаңғырту ісін заңнамалық қолдау бағы­тында белсенді жұмыс жүргізуге дайын. Жаңа түзетулер Жоғарғы Сот­та Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасын құруды және қол­­­да­ныстағы маман­­данды­­рылған сот алқасын жоюды көздейді. Бұл әкімшілік әділетті енгізудің бас­тапқы кезеңінде жүктемені бір­келкі таратуға жол ашатын кө­рінеді. Заң жобасы Жоғарғы Сот төрағасы не судьясы лауазымына үміткерлерге қойылатын талап­­­­тарға өзгерістер енгізеді, оларды Мемлекет басшысы ұсынатыны мәлім. ЖС судьясы лауазымына сайлау үшін Президент ұсынған адамдардың негізінен жеткілікті тәжірибесі бар, тәжірибелі ма­­мандар екенін ескере отырып, депутаттар заң жобасында олар­дың біліктілік емтиханынан өтуі туралы қолданыстағы ережені алып тастады. Сондай-ақ олар­­дан енді заң мамандығы бойынша ке­мінде 20 жыл жұмыс өтілі талап етілмейді.

 Айхан ШӘРІП