«Ақылды қалалардың» жаһандық рейтингіне енеді

«Ақылды қалалардың» жаһандық рейтингіне енеді

«Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық сайлауалды бағдарламасында көзделген негізгі бағыттардың бірі – қаланы цифрландыру. Осы орайда, бағдарлама аясында 2025 жылға қарай халыққа мемлекеттік қызметтердің 96 пайызы «Бір терезе» қағидаты бойынша ұсынылады.

Қала сауда объектілерінің 65 пайызы қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшіріледі, Шым­кент «Ақылды қалалар­дың» жаһандық рейтингіне ен­ген қалалардың біріне айна­лады. «Мектептерде бейнеба­қылау камераларын орнату», T-hunter мұғалімдерді жұмысқа орналастырудың авто­мат­­тан­дырылған жүйесі мүмкін­ді­гін кеңейту жобалары іске аса­ды. Сондай-ақ «Бірыңғай әлеу­меттік ID-картаны енгізу» жо­басы жүзеге асады. Мұның бәрі ынтымақтастықтың басты қа­ғи­даттары – ашықтық, есеп беру­шілік және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  шараларына саяды. Бұл туралы  Шымкент қа­лалық мәслихаттағы «Nur Оtan» партиясы фракциясының оты­рысы барысында сөз болды. Жиында Шымкент қалалық Экономика және бюджеттік жос­парлау басқармасының бас­шысы Рахманберді Мулкеманов баян­дама оқып, партияның Шымкент қалалық филиа­лы­ның сайлауал­ды бағдарламасы аясында жаса­лынған Жол кар­та­сын іске асыру туралы айтты. Алқалы жиынға «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық мәслихат хат­шысы Бахадыр Нарымбетов, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары, фракция жетек­шісі Бекайдар Төлегенов және сала­лық басқармалардың бас­шылары мен аудан әкімдері қатысты. Мәжілісте сөз сөйлеген қала бас­шысы: «Бізге босаңсуға бол­майды, халықтың партияға де­ген сенімін сайлауалды бағ­дар­ламада көрсетілген 10 ба­ғыт­ты сапалы әрі уақытылы орын­дап, жүзеге асыру арқылы арттыруымыз қажет», – деп атап өтті. Жиын қорытындысы бо­йынша, партияның Шымкент қалалық филиалының сай­лау­алды бағдарламасы аясында жасалынған Жол картасында көрсетілген 2021 жылы атқа­рылуы тиіс жұмыстарға жауапты басқармалар мен депутаттар нақты бекітілді.

Әбілмансұр ЖАСАН