Депутаттар комитеттердің көшпелі отырысын өткізді
Депутаттар комитеттердің көшпелі отырысын өткізді
109
оқылды

Мәжіліс депутаттары Бас прокуратурада комитеттердің көшпелі отырысы барысында қабылданған  заңдардың тәжірибеде  қалай қолданылатынын және цифрлық технологиялардың олардың тиімділігін арттыру жолында қалай ықпал ететінін бағалады.

Мәжілістің Халықаралық іс­тер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мен Заңнама және сот-құ­­­­қықтық реформа комитетінің де­­­­­­пу­­­­­­таттарына Бас прокура­тураның «Әкімшілік өндірістің бірыңғай тізілімі», «Тексеру субъек­тілері жә­не объектілерінің бірыңғай ті­­­­­­зі­­­лімі», «Электрондық өтініш­тер» және т.б. цифрлық жобалары ұсы­­­­нылды. Іс-шара барысында Бас про­­­курордың орынбасары М.Ах­­­мет­­­­­жанов құқық қорғау сала­­­­­сын­­­­дағы цифрландыру жайын кеңінен баян­­­­­­дады. Жалпы айтқанда, жобаларды енгізу сыбайлас жемқорлық тәуе­­­­келдерін жоюға, мемлекеттік ор­­­гандар қызметінің ашықтығын, же­­­­­делдігін, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың са­­­­пасын арттыруға бағытталған. Атап айтқанда, «Тексеру субъек­­­­­­­­тілері және объектілерінің бірыңғай тізілімі» жүйесін 60-тан ас­­там мемлекеттік орган пай­­даланады. Жүйе кәсіпкерлерді бақылаушылар тарапынан негізсіз қысымнан қорғаудың негізгі құралдарының бірі болып сана­­лады. Ұсынылған жобаларды ба­­ғалай отырып, Мәжіліс депу­­­­­­­татта­­­­­­ры азаматтардың, сондай-ақ биз­­­­нес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін олардың маңызын атап өтті. – Біз үшін сапалы заңдарды әзірлеу мен қабылдау ғана аса маңызды емес. Біз үшін қа­был­данған заңдардың қалай жұмыс істейтіні және тиімділігі маңызды. Сонымен қатар азаматтарды қор­­­­ғау, мемлекеттік органдардан ке­­­ліп түсетін өтініштерін сапалы қа­­рау, кәсіпкерлікті дамыту мәсе­­­лелері әрдайым Мәжіліс депутат­­­тарының бақылауында. Мемлекет Басшысы бұған зор көңіл бөліп, алдымызға тиісті заңнамалық міндеттерді жүктеді. Осы бағытта бірқатар заңдар қабылданып, Мәжіліс депутаттары бүгінде заң­­­наманы жетілдіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, – деді Мә­­­­жіліс Төрағасының орын­­­басары Павел Казанцев.