Қаржының 70%-ы тарихи киноға жұмсалады
Қаржының 70%-ы тарихи киноға жұмсалады
115
оқылды

Елімізде кинематография саласына бөлінетін қаражаттың қай жанрға көбірек жұмсалатыны белгілі болды. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың мәлімдеуінше, қаражаттың 70 пайызы тарихи, патриоттық картиналарға бағытталады.

Министрдің айтуынша, 2021 жылы кинематография саласында жыл сайынғы мемлекеттік қар­жы­ландырудың жалпы көлемінің 70%-ын тарихи, патриоттық және имидждік картиналарға, ал қалған 30%-ы мөлшеріндегі қаражатты жеке киножобаларды және жас та­ланттардың дебюттік фильмдерін қар­жыландыруға бағыттау күн тәртібінде тұр. Мұның бәрі кино­өндіріс саласында жаңа бюджеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұ­мысты жандандырады. Сондай-ақ кино өндірісіне жыл сайын бөлінетін мемлекеттік қа­ражатты күрделі қойылымды тарихи фильмдер шығару үшін кемінде 50%-ын «Қазақфильм» киносту­диясына жіберуге мүмкіндік беретін норманы заңнамалық деңгейде реттеу қажет. Оған қоса Президенттің тап­сырмасын іске асыру аясында жақын арада Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мо­дернизациясын сапалы жүзеге асыруды қолға алу керек.

 А.АЙДАРҚЫЗЫ