Аюсайда 5 000 ағаш кескен кім?
Аюсайда 5 000 ағаш кескен кім?
5,091
оқылды

Алматы қалалық жасыл эко­­номика басқармасы Аю­сай шатқалындағы ағаш­тар­дың кесілуіне қатысты жағ­дайды түсіндірді.

Жасыл экономика басқар­масының мәліметіне сүйенсек, «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі Аюсай сағасынан төмен Үлкен Алматы өзенінде селден қор­ғайтын бөгет салып жатыр. Осы­ған байланысты жасыл желекті отаған. Алайда басқарма ағаштарды кесуге рұқсат бермеген. «Әлеу­меттік желілерде пайда болған 5 000 ағаш кесілді деген ақпарат шын­дыққа жанаспайды. Басқарма қыз­меткерлері Ботаникалық бақтың дендрологтарымен бірге бірнеше рет кесілген ағаштардың санын және түрін анықтау үшін учаскеге барды. Мамандардың айтуынша, қысқы уақытта кесілген ағаштар мен бұталардың санын есептеп шы­ғару қиын болды», – деп хабар­лады басқармадағылар. Зерттеу нәтижесіне қарағанда, 32 мың шаршы метр аумақта ағаш­тар заңсыз кесілгені анықталған. Ботаникалық бақ ұсынған мәлі- м­еттер бойынша, Аюсай шат­қалын­да раушан гүлі, шырғанақ, бөрі­қара­қат, қайың, терек, долана, алма, ақ тал кесілген. «Жасыл же­лек­терді күтіп-ұстау мен қорғаудың стан­дартты ережелерін бұзғаны үшін жауаптылар жиырма еселік көлем­де өтемақы берілуі  керек. Яғни, 23780 жасыл желек отыр­ғызылуы тиіс. Айта кету керек, Үлкен Ал­маты өзені бассейніне, Аюсай шат­қалына және Ақсай өзенінің бас­сейніне селден қор­ғайтын бөгеттер қажет. Бұл – өте маңызды. Өйткені 300-ге жуық әлеуметтік және өн­дірістік ны­сандар, сондай-ақ 30 мың адам тұратын тұрғын үйге қауіп бар. Ақсай өзенінің бас­сейнінде селден қорғайтын бөгет жоқ», – деп атап өтті Жасыл эко­номика басқармасы. Алматы қала­лық Төтенше жағ­дайлар де­партамен­тінің ақпарат­тарына сәй­кес, бөгет елді ме­кендерді селден қорғайды. Жасыл эко­номика басқармасының мәлім­етінше,  тергеу жұмыстары жалғаса бермек және аяқталғаннан кейін нәтижесі туралы толық ақпарат берілетін болады.

Ж. НҰРЛАН