Ирактағы АҚШ-тың әскери базасын снарядпен атқылаған
Ирактағы АҚШ-тың әскери базасын снарядпен атқылаған

Ирактың солтүстігінде орналасқан «Балад» әскери әуе күштеріне соққы жасалды, — деп жазады REUTERS ақпарат агенттігі.

Дереккөздің жазуынша, мұнда америкалық әскерилер тұрып жатыр. Ирак әскерилерінің мәліметінше, жексенбіде базаға «Катюша» қондырғыларынан сегіз снаряд түскен. Олардың жетеуі ұшу-қону жолағына түскен. Ирактық төрт сарбаз, оның ішінде екі офицер жарақат алған. 

АҚШ Орталық қолбасшылығының өкілі АҚШ әскері зардап шекпегенін хабарлады. Шабуылды кім жасағаны әзірше белгісіз. Осы оқиғаның себебін анықтауға арнайы қызмет кіріскен.