Баласына алимент төлемеген әйел сотталды
Баласына алимент төлемеген әйел сотталды
144
оқылды

Ол алиментті төлемей, сот орындаушыларының ескертуін де елемей жүре берген.

«Ол менің баламмен кездесіп жүрді. Мен оған қарсы болмадым. Екеуі 3 айдай бірге жүрді де айырылысып кетті. Арада біраз уақыт өткенде мен қыздың нәрестелі болғанын білдім. Оны маған көршілер айтты. Мен бірден перзентханаға хабарласып, мән-жайды сұрастырып едім, олар бұл оқиғаның рас екенін айтты. Мен перзентханаға барып, нәрестемен екі күн жатып, оны үйге алып кеттім. Нәрестенің туған анасы нотариустың алдында перзентінен бас тартатынын айтты, ал менің балам оның әкесі атанды. Қазір сәби 2 жарым жасқа келді. Оны баламыз екеуміз тәрбиелеп жатырмыз. Ал нәрестенің анасы одан бас тартуын өзінің жас екенін және бала тәрбиесімен айналыса алмайтынымен түсіндірді», – деді жас жігіттің анасы. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өкілдерінің айтуынша, баласынан бас тартқан әйелдің 2020 жылдан бері пробация қызметінде есепте тұрады.

Үлбі ауданының аға инспекторы, Әділет аға лейтенанты Арай Оразханова: «Оның бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы материал дайындалып жатыр», – деді.