Мұны облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы растады. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.
Басқарма басшысы Ролан Ибрагимов бұған жолаушылардың аз болуы себеп екенін айтты. [caption id="attachment_116696" align="alignnone" > ©А.Ахметқазы[/caption]Мәселен қаңтарда 10-нан астам рейс ұшпаған. Оған тұманды ауа райы себеп болған. Осының салдарынан жолаушылар билеттерін кері тапсырыпты.Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов: «Qazaq Air мен Scat-тың ұшақ бортының толуы – 50 пайыз, 42 пайыздың көлемінде. Ал Fly Arystan 92-100 пайыз толады. Сол себептен олар қазір уақытша ұшпай қойды. Қазір тек қана Fly Arystan ұшып жатыр», – деді.
Түркістан халықаралық әуежайы былтыр желтоқсан айында ашылды. Сол кезде әуежайға үш бірдей компания қызмет көрсеткен еді. Бірақ қаңтарда соның екеуі өз қызметін тоқтатты. Бүгінгі күні Түркістаннан Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына ғана әуе рейстері қатынап жатыр.
[caption id="attachment_116698" align="alignnone" > ©А.Ахметқазы[/caption]