Елдің шетін шегіртке баспасын деп 2 миллиард теңге бөлдік – Алмабек Марс
Елдің шетін шегіртке баспасын деп 2 миллиард теңге бөлдік – Алмабек Марс

Екі елдің мамандары ауыл шаруашылығын зиянкестерден қорғау мәселесін талқылады.

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы Алмабек Марстың айтуынша, былтыр Қазақстанда 515 мың гектар аумақтағы шегірткені улады.

Биыл шегіртке 640 мың гектар аумаққа таралуы мүмкін. Шегірткемен күресуге қазынадан 2 миллиард теңге бөлінді.

Ал Ресей 590 мың гектарға жуық аумақта шегірткеден қорғану жұмысын жүргізбек. Екі ел шегірткені бірлесіп жоюға келісті.