Тексерістен соң, мерзімі өтіп кеткен тағамдар жойылды
Тексерістен соң, мерзімі өтіп кеткен тағамдар жойылды
121
оқылды

Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары тексеру жүргізді.

Былтыр өнімдер қауіпсіздігін мониторингілеу шеңберінде Ақтөбе облысының сауда желілерінен 3364 өнім сынамасы сатып алынды, оның ішінде Кеден одағының техникалық регламенттерінің (бұдан әрі - КО ТР) талаптарына 379 өнім сынамасы сәйкес келмеді, бұл 11,3% құрады (отандық өндірушілер - 123 (32,4%), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер - 164 (43,2%), басқа елдер - 92 (24,2%).

Соның ішінде, тағам өнімдерінің 2430 сынамасы алынып, зерттелді, техникалық регламенттердің талаптарына 287 сынама сәйкес келмейтіні анықталды, бұл 11,8% - ды құрады (отандық өндірушілер - 122 (42,5%), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер - 142 (49,4%), басқа елдер - 23 (8,0%), оның ішінде: микробиологиялық көрсеткіштер бойынша - 83 сынама және таңбалау бойынша – 191 сынама, 10 сынама физико-химиялық көрсеткіштер бойынша және 13 сынама қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сәйкес келмеді.

Анықталған бұзушылықтар бойынша жеке кәсіпкер субъектілеріне Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы 111 ұйғарым берілді.

ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық» Кодексінің 425-бабының 1-тармағы бойынша 21 айыппұл 3 377 187,5 теңгеге салынды. Сонымен қатар 6 әкімшілік іс 463-баптың 1-тармағы бойынша сотқа жіберіліп, соттың шешімі бойынша 594 638 теңге көлемінде 6 айыппұл салынды. Санитарлық ұйғарымдардың орындалмағандығы бойынша 462-баптың 3-тармағы бойынша 2 хаттама толтырылып, соттың шешімі бойынша 252 500 тенге айыппұл салынды,1 сотта қаралуда.

Сауда объектілерінен 251,88 кг тағам өнімдері және 3,2 ойыншық өнімі сатылымнан алынып, өндірушілер мен тасымалдаушыларға қайта тапсырылды. Соның ішінде 60,6кг ет және ет өнімдері, 19,06 кг құс және құс өнімдері және 7л сүт өнімдері жойылған.

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің аумақтық департаменттеріне өнімдердің сәйкестілік декларациясы бойынша 11 құжаттар жіберілді.

Облыстағы кәсіпкерлер субъектілеріне қолданыстағы КО ТР таныстыру бойынша 112 семинарлар мен дәрістер өткізілді, соның ішінде 4 Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының Ақтөбе облысы бойынша филиалымен бірігіп өткізілді.