FlyArystan ұшағы Алматыға шұғыл қонды
FlyArystan ұшағы Алматыға шұғыл қонды
111
оқылды

Бұл туралы «Алматы» телеарнасы хабарлады.

Жолаушылар ұшағының шұғыл жерге қонуына ауа райы себеп болған.

«Бүгін сағат 08:55-те Нұр-Сұлтан-Шымкент бағыты бойынша 7325 борты ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы халықаралық әуежайына қонды. Шымкентке ұшу уақыты 10:45-ке ауыстырылды» делінген ресми хабарламада.

Жолаушылар аман-есен, ешкім зардап шеккен жоқ.