Тоқаев Оманның жаңа сұлтанын құттықтады
Тоқаев Оманның жаңа сұлтанын құттықтады
121
оқылды

«Ақорданың» хабарлауынша, Қазақстан Президенті жаңадан тағайындалған Оман сұлтанын құттықтады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оманның жаңадан тағайындалған сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Қазақстан халқының және өзінің атынан құттықтап, жеделхат жолдады.

Мемлекет басшысы Оман сұлтандығының экономикасы қарқынды дамып, халқының әл-ауқаты артып отырған мемлекет екенін айта келе, Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің басшылығымен Оманның одан әрі өркендеп, мерейі өсе беретініне сенім білдірді.

«Екі ел арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастықты келешекте де халқымыздың игілігі үшін әрі қарай өрістету мақсатында сізбен бірлесе күш-жігер жұмсауға дайынмын. Сіздің аса жауапты қызметіңіз бен барлық игі бастамаларыңызға мол табыс, ал достас Оман халқына ырыс пен құт-береке тілеймін» делінген жеделхатта.