Алдағы үш күнде қар жауып, боран соғады
Алдағы үш күнде қар жауып, боран соғады
113
оқылды

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 14-16 қаңтар аралығында қар жауып, боран соғады. Ресейден соққан циклондар ығысып, жылы ауа әкеледі.

Осы циклондардың әсерінен атмосфералық фронттар Қазақстан арқылы жылжып, қар жауады. Боран соғады. Батыстан күшті жел соғады.

Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облысында күн бұлтты, жауын-шашынды болады.

Солтүстік облыстарда – боран, оңтүстікте тұман және көктайғақ болады. Ауа массаларының батысқа ауысуы әсерінен Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы жоғары болады.