Қарсыласын 1 раундта нокаутпен жеңіп, өзі де есінен танып қалды
Қарсыласын 1 раундта нокаутпен жеңіп, өзі де есінен танып қалды

Оның қарсыласы үш рет нокдаунға түсті.

Техас штатындағы Сан-Антониода Golden Boy компаниясы ұйымдастырған бокс кеші өтіп, шоу андеркартында америкалық Джордж Ринкон мен аргентиналық Диего Перес жұдырықтасты, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек тек бір раунд болды, осы уақытта Ринкон қарсыласын үш рет нокдаунға түсірген. 27 жастағы америкалық үшін бұл карьерасындағы оныншы жеңіс, ол жеңіліп көрмеген. 
Төреші жекпе-жекті тоқтатып, Ринкон өз бұрышына келгенде дірілдеп, есінен танып қалған. Бірнеше минуттан кейін боксшы есін жиған және өз күшімен ауруханаға кеткен. 
Дегенмен неге бұлай болғаны белгісіз, өйткені Ринкон жұдырықтасу кезінде бірде-бір ауыр соққы алмаған. Ал Перес осымен оныншы рет жеңілді, сонымен қоса, оның 13 жеңісі және бір тең түскен кездесуі бар.

https://youtu.be/bEoLvItZoTg